Шымкент: Биыл 8470 түлек мектеп бітіреді

Үшінші мегаполисте биыл 8470 түлек мектепті бітіреді. Оның ішінде 6046-ы қазақ тілінде, 1545 оқушы орыс тілінде, ал қалған 879-ы өзбек тілінде аяқтайды.


Шымкент мектептеріндегі 6840 түлек ұлттық бірыңғай тестке қатысуға ниет білдірген.

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуде 11-сыныптың 4-тоқсанында өткен бағдарлама бойынша сауалдар болмайды. Өйткені, оқушылар бұл жылы карантин мен төтенше жағдайға байланысты соңғы тоқсанды қашықтан оқыды. Егер оқушы білім сынағы кезінде ұялы телефон немесе түрлі көмекші құралдар пайдаланғаны дәлелденсе, жинаған ұпайы желге ұшады.

– Тестілеу маусымның 20-сы мен 5-шілде аралығында Шымкенттегі 4 пунктте өтеді. Білім сынағы дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Бірақ, санитарлық режим қатаң сақталуы тиіс. Түлектер бір-бірінен алшақ отыруы үшін бір мезетте аудиторияда болатын оқушылардың саны да шектеледі. Ал екі тоқсанды қашықтан оқыған оқушылар аттестат алу үшін мектепке баратын болды. Соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері мектеп ауласында, ашық аспан астында мектеп бітіруші түлектердің ғана қатысуымен өтеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.