Шымкент: Диана Жайлаубаева қайтарымсыз гранттың арқасында кесте тігу кәсібін дөңгелетуде

Шымкент қаласының тұрғыны Диана Жайлаубаева кесте тігу өнерін жетік меңгерген қолөнер шебері.


Ісмер ұлттық нақыш пен заманауи үлгіде қолөнер бұйымдарын әзірлеп, кесте тігеді және ою-өрнектерімен әшекелейді. Осы уақытқа дейін бас киім, сөмкелер және тағы да басқа дүниелерін әлеуметтік желі парақшасы арқылы ұсынып келген. Өз кәсібін одан әрі дамыту мақсатында ол мемлекеттің қолдауына жүгінді.

Ісмер қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, қосымша «Бастау бизнес» оқу курсын тәмамдайды. «Қолөнер бұйымдарын жасау ісі» бойынша қайтарымсыз грантқа өтінімін білдіріп, комиссияның шешімімен құжаттары мақұлданған. Нәтижесінде 200 АЕК(555 650 тг) көлемінде мемлекеттік грант жеңіп алды.

Д. Жайлаубаева «Еңбек» бағдарламасы бойынша берілген қайтарымсыз грант қаражатына тігін машиналары, манекендер мен тағы да басқа қажетті материалдарды сатып алып, қолөнер студиясын ашқан. Қазіргі таңда бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Үш баланың анасы бұл жетістігімен шектелмей, алдағы уақытта қолөнер шеберханасын дамыту жоспарлары көп екендігін айтады.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.