Шымкент: «Жастар практикасы» бойынша ақпараттық-насихаттық кездесу ұйымдастырылды

Шымкент қаласында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде жас түлектерге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты «Жастар практикасы» бойынша ақпараттық-насихаттық кездесу ұйымдастырылды.


Аталған жиынға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының м.у.а Е.Бекмуратов, білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Нахбаева, жұмыспен қамту орталығының директоры С.Абдуллаев және оқу орны түлектері қатысты.

Жастар практикасы – жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын бағдарлама.

Кездесуде жұмыспен қамту басқармасы тарапынан бағдарламаның талаптары мен тиімділігі түсіндіріліп, түлектердің сұрақтарына жауап берілді.

Жалпы биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 800-ден астам шымкенттік жас тәжирибеден өтуде.

Бағдарлама талабына сай, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы керек. Және соңғы үш жыл ішінде (2019-2021ж.) жоғары оқу орындары мен колледжердің түлектері бір-ақ рет қатыса алады.

Былтыр 3 мыңға жуық жас аталған бағдарламамен жұмыспен қамтылып, оның 536-сы тұрақты жұмысқа орналасты.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. I see You’re in reality a just right webmaster. This website loading pace is incredible.
    It sort of feels that you’re doing any distinctive
    trick. In addition, the contents are masterpiece.

    you’ve done a great process in this matter! Similar here: sklep and
    also here: Bezpieczne zakupy

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.