Шымкент: Жаңа жаңа үлгідегі 260 аялдама орнатылады

Шымкентте екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Орнатылатын жаңа аялдамалардың ішіндегі кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарланып отыр екен.

Жаңа аялдамалардың осы кезге дейін орнатылған аялдамалардан ерекшелігі де бар. Атап айтқанда, бұрынғысынан сынбайтын терезелерімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, аялдамалардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарады. Оның да өзіндік себебі  бар, ол —  белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтар аялдаманы паналамауы үшін жасалған.

Қоғамдық көлік жүйесін жаңарту кезінде атқарылған жұмыс нәтижесі әлі де шешімін таппаған мәселелер бар екенін көрсетті. Мысалы, шалғай елдімекендерге әлі де болса 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екенін көрсетті. ҚАла әкімдігінің мәліметінше, бұл мәселе алдағы 4-5 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетін болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.