Шымкент: Жыл басынан бері мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген 83 пәтер жекешелендірілді

Шымкент қаласында жыл басынан бері тұрғын үйді жекешелендіру бойынша электронды түрде 108 азамат құжат тапсырған.


Оның ішінде 83 азаматтың өтініші қанағаттандырылып, пәтерлері жеке меншігіне өткізілді. Қазіргі таңда қалған азаматтар бойынша жекешелендіру жұмыстары жүргізілуде.

Жекешелендіріліп жатқан пәтерлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі баспаналар болып табылады. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы 2016 жылы қолданысқа енгізілген.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидасына» және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

2020 жылдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үйлерді жекешелендіру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылуда. Аталған қызметті алу үшін азаматтың және оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің (ЭЦҚ) электрондық цифрлық қолтаңбасы болу тиіс.

2019 жылы 188 азаматтың мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлері жеке меншіктеріне өткізілді. Ал 2020 жылы бұл қызметті алған азаматтар саны 102-ні құраған.

Айта кетерлік жайт, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылысы жүргізіліп пайдалануға тапсырылған арендалық тұрғын үйлер бағдарлама талаптарына сәйкес, сатып алу құқығынсыз жалдау шарты негізінде берілген. Сондықтан аталған бағдарлама аясында азаматтарға жалға берілген пәтерлер жеке меншікке берілмейтіндігін назарларыңызға саламыз. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.