Шымкент: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы 4 мыңнан аса азамат жұмыспен қамтылған

Шымкент қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 237 жоба нақтыланған. Аталған жобаларға 8 682 адамды жұмылдыру көзделген болатын.


Қазірде 8 236 азамат жұмысқа орналысты. Оның ішінде қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 341 адамды жұмысқа тарту жоспарланған еді.

Бүгінгі таңда қалада жоспарға сәйкес «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 122 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы бағдарламаның мақсаты — тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.

Бағдарламаның бірінші бағыты — инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған. Шымкентте осы бағыт бойынша 3 196 азаматты тегін кәсіби оқуға жолдау жоспарланған. Бүгінде нақты 2 000 адам қысқа мерзімге кәсіптік оқытуға жолданса, 1 196 адам техникалық және кәсіби білімі бар кадрлар даярлауға жіберіліп отыр. Жоспар 100 процентке орындалған.

Екінші бағыт — кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға арналған. Осы бағыт бойынша 6819 тұрғынға қолдау көрсетіледі деп жоспарланған. Қазіргі таңда іс жүзінде 4 204 адам қамтылған. Оның ішінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жоспар бойынша 1 850 адамды жолдануы тиіс еді. Дегенмен бүгінде  2 820 адам оқуға жолданып, жоспар артығымен орындалып отыр. Ал, 40 адамға шағын несие берілген. 1 361 азамат мемлекеттік грант иегері атанған.

Үшінші бағытта — халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамыту көзделген. Осы бағытқа жыл бойына 22 790 адам қатысады деп жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 16 740 адамға жұмыспен қамту бойынша көмек көрсетілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.