Шымкент: Жұмыспен қамту орталығының бөлімшелері ашылды

Шымкент қаласы әкімдігі жұмыспен қамту орталығының халықты жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері жөніндегі бөлімдері қаланың төрт ауданында ашылды.


Енді тұрғындар жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметтерді төменде көрсетілген мекенжайлардан барып алуға болады.

Халықтың уақытын тиімді ету және сапалы қызмет көрсету мақсатында аталған бөлімдерді әр ауданға бөліп, жаңа мекен-жайға көшірілді.

Атап айтқанда,

— Абай ауданы бойынша Жиделібайсын көшесі, 92 («Бекжан» базары, «Бекжан» СО, 1 қабат).

— Әл-Фараби ауданы бойынша А.Байтұрсынов көшесі мен Мирас көшелерінің қиылысы, Мирас көшесі 22Б.

— Еңбекші ауданының бөлімшесі ағымдағы аптаның соңында көшуді жоспарлауда. (мекен-жайы: Күншығыс м/а, Жолан батыр көшесі 115/2).

— Ал, Қаратау ауданы бұрынғыдай «Нұрсәт» мөлтек ауданы, С.Бәйтереков, 89 үйде орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына қарайды.

Айта кету керек, бөлімшелер дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-18.30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 13.00-14.30 аралығында.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.