Шымкент: Залалсыздандыру жұмысына сарбаздар жұмылдырылды

Қала аумағында коронавирус инфекциясына қарсы дезинфекциялау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.


Атап айтар болсақ, Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы әкімдігі тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында аудан аумағында дизенфекциялау жұмысын тұрақты түрде жүргізді.

Ауданда орналасқан тұрғындар көп шоғырланатын 780-ге жуық коммерциялық нысандардың іргелес аумақтары және ірі сауда орындары (Фиркан, Магнум, Грамад, Эврика) мен базарлардың (Айна, Көктем, Исатай) аумақтарын дезинфекциялау (гипохлорид ерітіндісі) жұмыстары да кестеге сай орындалды.

Залалсыздандыру жұмысына №35748 әскери бөлімнің 120 сарбазы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Олар аудан аумағындағы 515 көше, 435 аула және 465 жертөле мен 2250 кіреберістерді залалсыздандырды.

Сондай-ақ, Қаратау ауданы өз аумағындағы 422 көпқабатты тұрғын үйді кестеге сәйкес үздіксіз дәрілеуде.

Бүгін де көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын, кіреберістері мен басты көшелерге және ішкі орамдық жолдар дезинфекциялау жұмыстарынан өтті.

Ауданда залалсыздандыру құрылғылары мен дәрі-дәрмектер жеткілікті. Мамандар арнайы киімдермен де қамтылған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.