Елімізде төтенше жағдай режімі алынғанымен, шектеу шаралары жалғасып жатқаны белгілі.
Осыған орай, қазіргі таңда Шымкент қаласындағы жағдай тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Соңғы тәулікте Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді (17.05.2020 жылғы сағат 23:59-дегі мәлімет бойынша). Бүгінде қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам анықталды.
Осы орайда, халықтың қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Тұрғындар және заңды тұлғалар, меншік нысанына қарамастан шектеу шараларын, соның ішінде карантиндік режимді орындауы тиіс. Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталды, дегенмен 25 мамырға дейін карантин шаралары жалғасатыны бұған дейін хабарланған болатын.
«Шымкент қаласы бас санитарының қаулысына сәйкес, барлық мемлекеттік органның, ведомство, мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үнемі бетперде тағуға міндетті.Сақтық шараларын қатаң назарда ұстайық!»,-деп талаптарды сақтауды қатаң ескертті Шымкент Ақпараттық коммуникациялық орталығы.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
I see You’re truly a excellent webmaster. This site loading pace is incredible.
It sort of feels that you are doing any distinctive trick. Furthermore, the contents
are masterpiece. you’ve done a fantastic task in this subject!
Similar here: najtańszy sklep and also
here: Bezpieczne zakupy