Шымкент: Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 5 мыңға жуық адамға мемлекеттік қолдау көрсетілді

Шымкентте кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 5 мыңға жуық адамға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Айта кетейік, Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік гранттар бөлінуде.
Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты — жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша биыл жалпы 6 819 адамды қамтамасыз ету жоспарланды. Бүгінде нақты 4 816 адамға қолдау көрсетілді.
Оның ішінде, 1 850 адамды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту көзделген болатын. 9 айдың нәтижесінде бірінші ағыммен 2 820 адам оқуға жолданып, жоспар артығымен орындалып отыр.
Сонымен қатар, 55 адамға шағын несие беру жоспарланып, ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қорымен келісімшарт түзіліп 67 адамға шағын несие берілген. Бұл да жоспардың асыра орындалғанын, яғни 121,8 пайызды көрсетіп отыр. Сондай-ақ, 1 929 адамға 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грант берілген.
Айта кетейік, мемлекеттік гранттар үздік бизнес жоба ұсынған азаматтарға конкурстық негізде беріледі. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.