Шымкент: Лабораториялық тестіден өткізу шаралары күшейтілді

Бүгінде коронавирус індетінің қаупі басылмай отыр. Яғни, инфекцияны жұқтырғандар саны күн сайын артуда.


Бұл жағдайға ең бірінші себеп — қала тұрғындарының санитарлық нормаларды сақтамауы. Сол себепті басты талаптарды естеріңізге сала кетуді жөн көріп отырмыз.

Ең алдымен, бетперделік режимі басты назарда болып, қоғамдық ортада міндетті түрде бетперде тағылуы керек. Екіншіден, жеке гигиеналық талаптар қатаң сақталуы керек. Көпшілік орыннан үйге оралған соң, қолды сабынмен жақсылап жуу, дезинфекциялау немесе бір реттік пайдаланатын қолғаптар киіп жүру қажет.

Осы ретте айта кетейік, Шымкент қаласында Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында лабораториялық тестіден өткізу шаралары күшейтілді. Нәтижесінде, күніне тестілеу қуаттылығы 300-ден 500-ге жеткізілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы жұқпалы ауруханалар базасында ПЦР диагностикасына арналған қосымша аппарат орнатылды. Бұл аппарат коронавирус инфекциясын нақты әрі тез анықтайды. Бұл үшін жергілікті төтенше жағдайға арналған бюджет есебінен 74 млн. теңге бөлінген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.