Шымкент: Мақсұт Исахов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады.


Қабылдауға тұрғындар әкімдіктік сайтындағы өтінім беру терезесі арқылы және әлеуметтік желі арқылы тіркелген.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тұрғындардың мәселелерінің көпшілігі жол сапасы, қоғамдық көлік мәселесі және спорт алаңшалары мен жұмыскерлердің еңбек құқығының сақталуы туралы болды.

Айта кетейік, Шымкентте жол апатын азайту, жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің мәдениетін арттыру, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында 7-11-маусым аралығында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Шымкенттік тәртіп сақшылар Көліктік бақылау инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, Мемлекеттік кірістер департаментімен және қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп, желіге шықпас бұрын қалалық автобустардың техникалық жағдайын, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының болуын тексереді.

Мақсұт Пернебайұлы азаматтардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, басқарма басшыларына тез арада назарға алып, шешуін тапсырды.

Қоғамдық қабылдау карантиндік талаптарға сәйкес онлайн режимде, WhatsApp желісінің видеоқоңырауы арқылы жүргізілді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.