Шымкент: Мұрат Әйтенов діни конфессия жетекшілерімен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы діни конфессия жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен құттықтап, конфессия басшыларымен дін өкілдерінің атқарып жатқан жұмыстары бойынша пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады, деп хабарлайды anyq.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


— Сіздерді «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі біздің міндетіміз мемлекеттің беріктігін сақтап, халық бірлігін одан әрі нығайту және барлық қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» құндылығының айналасына топтастыру болып табылады. Бұл жұмыста өздеріңіз басқарып отырған конфессиялардың рөлі зор. Сондықтан кездесуіміз халықтар достығына, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, — деді шаһар басшысы.
Сонымен қатар, қала әкімі Рухани келісім күніне орай халықтар достығына, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға зор үлесін қосып келе жатқан конфессия басшыларына алғыс хат табыстады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.