Шымкент: «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі мен «Business Lady Qazaqstan» қоғамдық бірлестігі меморандумға қол қойды

«Business Lady Qazaqstan» республикалық байқауы жыл сайын еліміздің түрлі аймақтарында өткізіліп келеді.


Жеңімпаздар республика астанасындағы гала-финалда өз аймағын таныстырады. Бірақ биыл қорытынды байқау алғаш рет Шымкент қаласында 2 сәуірде өтеді. Оған әр аймақтан шағын және орта кәсіптің 13 өкілі қатысады.

Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласы «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі мен «Business Lady Qazaqstan» қоғамдық бірлестігі меморандумға қол қойып, баспасөз-конференциясын өткізді.

Төрт жыл бойы өткізіліп жүрген байқауға ауылдық жерлерден 200-ге жуық әйел қатысқан. Кәсіпкер әйелдер үшін шеберлік сағаттар мен оқытулар өткізіледі. Оның қорытындысы гала-финал — жыл кәсіпкері атағы үшін жарыс болып табылады. Онда қатысушылар өз дағдыларын көрсету және шығармашылық әлеуетін паш ету мүмкіндігіне ие болады.

«Байқаудың танымалдылығы жылдан-жылға артып келеді. Қатысушылардың пікірі бойынша мұндай іс-шаралар (оқыту) әйелдерге өз саласындағы дағдыларын арттыруға, бизнес-трендтерді зерделеуге, өз-өзін дамытуға көмектеседі, бұл істі жүргізуге оң әсерін тигізбей қоймайды» -дейді қоғамдық бірлестік жетекшісі Сәуле Қайсар.

Байқауға қатысушылармен кәсіби заңгерлер, бизнес-жаттықтырушылар, шешендік шеберлік бойынша коучтар, психологтар, сондай-ақ стилистер және басқа да мамандар жұмыс істейді. Мұндай тәжірибе байқау ұйымдастырушыларына облыс қалалары мен аудандарындағы кәсіпкерлік белсенділікті бағалауға және талдауға, әйелдердің негізінен қандай кәсіпкерлік салаларына (аймақтарда әр түрлі) тартылатынын; олар қандай білімге мұқтаж екенін, бизнесті жүргізу кезінде қандай проблемаларға тап болатынын білді.

Сонымен қатар, байқау халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік туады. Мысалы 2020 жылы пандемия жағдайында онлайн байланыс арқылы Франция, Мәскеу, Нью-Йорк, Өзбекстан және Литва бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысуға ниет білдірді. Байқауға мүмкіндігі шектеулі жандар да қатыса алады.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.