Шымкент: Сақтық шараларын түсіндіру жалғасуда

«Шымкент қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес індеттің таралуына жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары қарқынды түрде жүруде.


Аталған мониторингтік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы) тарапынан коммерциялық құрылымдарға іріктеп, тексеру жұмыстары іске асырылуда. Яғни, санитарлық нормалардың сақталу барысы бақылауда тұр.

Айта кетейік, осыған дейін Еңбекші ауданы аумағында орналасқан «Айна», «Евразия», «Көктем» базарлары мен «Фиркан», «Грамад», «Магнум» және тағы басқа ірі сауда орындарында карантин режимін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын.

Сейілмей тұрған қауіптің алдын алу мақсатында арнайы мамандар әр контейнерлерге кіріп, сатушыларға індеттің қаупі жайлы айтып, «әлі де коронавирус дертіне шалдыққандар саны азаймай отыр. Сол себепті сіздер сақтық шараларын міндетті түрде сақтауларыңыз керек» деп, толық түсіндірме жұмыстарын жасаған еді.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.