Шымкент: Тоқсан сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тұрақты жүргізіледі

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында  2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша есебін жарияланды.


Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша Басқарманың жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес тоқсан сайын басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тұрақты жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша қызметкерлердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикасы» және Еңбек тәртібін сақтау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңына сәйкес, заң бұзушылықтарды болдырмау және «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыптарына орай 2 семинар, 2 дөңгелек үстел, 6 құқықтық сабақтар ұйымдастырылып, БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2 рет сұхбат өткізілді.

Сондай -ақ, Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы «АДАЛ КӨМЕК» жобасы негізінде 10 рет тікелей эфирде түсіндірмелер беріліп, азаматтарды онлайн қабылдаулар өткізілді.

Бұл іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған үгіт материалдары және «Сенім телефонының» нөмірлері көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері орналастырылған және «27-38-42 сенім телефоны» тұрақты жұмыс істеуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.