Шымкент: «Тәуелсіздік ұландары!» атты соңғы қоңырау іс-шарасы өтті

Шымкент қаласы Халел Досмұхамедов атындағы №4 мектепте «Тәуелсіздік ұландары!» атты соңғы қоңырау іс-шарасы өтті.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Салтанатты шараға ата-аналар арнайы келіп, тұғырлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тұспа-тұс келген мектеп бітіруші жас түлектердің болашағы жарқын болуына және барлық ұстаз қауымына алғыс айтып, тілек білдірді.

Мектеп директоры Дамира Манкеева түлектерге құттықтаулар мен тілектер айтып және 11-сыныптардың барлық түлегін емтиханға жіберу туралы бұйрықты оқыды.

Бітіруші сыныптың соңғы қоңырау мерекесіне 10-сынып оқушылары да келді. Олар мектеп түлектерінен ұрпақтар эстафетасын қабылдады.

Салтанатты жиынның соңында соңғы қоңырау соғылып, мәдени іс-шараға ұласты.

2020-2021 оқу жылында Шымкенттегі 186 мектепте 226 мыңнан астам оқушы білім алды.

Оның ішінде биылғы жылы 11-сыныпты 9 342 түлек мектепті бітіреді. Ал, 513 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.

Сонымен қатар, қалада бүгінге дейін 4 634 талапкер ұлттық бірыңғай тест тапсырған. Оның ішінде тестілеу тәртібін бұзғаны үшін 64 оқушының жұмысы жойылған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.