Шымкент: «Халықтық бақылау-түбіртекті талап ет!» акциясы жүргізіледі

Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайын «чекті талап ет те, жүлде ұтып ал» атты республикалық акция өткізеді. Бұл акция биыл да жалғасуда,-деп хабарлайды Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы.


Аталған акцияға «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы онлайн-БКМ фискальды чекті жөнелтіп, жүлдеге 200 теңгеден 5000 теңгеге дейін ұтыс шыққан тұлғаның телефонына бірлік ретінде алу мүмкіндігі бар. Акция 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін өткізіледі.

БКМ чектерін бермеу жолымен тиесілі салықты төлемейтін, кірістерін жасыратын азаматтарға қатысты нөлдік төзімділікке азаматтық қоғамды тарту мақсатында чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Халықтық бақылау – Түбіртекті талап ет!» акциясы жүргізіледі.

Осы ретте Шымкент қаласы тұрғындарына ескерте кетсек, тауарларды сатып алу немесе қызметтерді алу кезінде бақылау-касса машиналарының чектерін бермеу түрінде бұзушылықтарға нөлдік төзбеушілік көрсету қажет. Өткізіліп жатқан акцияға белсенді қатысыңыздар, бұл өз кезегінде көлеңкелі экономиканың қысқаруына жəне мемлекетіміздің əл-ауқатының артуына септігін тигізеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.