Шымкент: Электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыттың өндірістік қуаты артты

Шымкенттегі электротехникалық  жабдықтар шығаратын зауыттың өндірістік қуаты артты. Заман талабына сай жаңадан іске қосылған кәсіпорын кәсіпкерлерге генератордың немесе басқа да электротехникалық жабдықтың оңтайлы нұсқасын таңдауға көмектеседі.


Бүгінде «KG Power» зауыты энергия ресурстарын басқару және энергиямен жабдықтау саласында кешенді жобаларды іске асыруды орындайтын көп бейінді өндірістік кәсіпорын болып табылады.

Компанияның мақсаты — әртүрлі салалардағы тапсырыс берушілер үшін сенімді және тиімді шешім ұсыну.

«New Technology Ltd» ЖШС білікті мамандары тұтынушылардың қажеттіліктеріне қарай ұсынылатын генераторлардың кең спектрінен қолайлы жабдықты таңдауға көмектеседі. Яғни, Компания электротехникалық жабдықтардың кең таңдауын өндіреді. Мәселен, дизель, газ генераторлары, компрессорлар, мотопомпалар, контейнерлер және генераторларға арналған қаптамалар мен күн панельдері және электр радиаторлары, үздіксіз қоректендіру көздері бар. Өнім қуаттылығы жылына 240 дана құрылғы шығару.

Мұнда электрик, монтаждаушылар, листогибщиктер мен операторлар сынды жергілікті 30 азамат жұмыспен қамтылған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.