Шымкент: Үшжақты комиссия 9 айда атқарған жұмыстарын қорытындылады

Шымкентте үшжақты комиссия 9 айда атқарған жұмыстарын қорытындылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Үшінші мегаполисте Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссияның араласуымен 37 жұмыскер алдындағы 10 млн. 764 мың теңге жалақы қарызы өтелді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында айтылды.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжановтың айтуынша, өндіріс жағдайында 30 жазатайым оқиға орын алып, 34 адам зардап шеккен.
Жалпы 16204 кәсіпорынның: 558-і мемлекеттік және 15646-сы жекеменшік кәсіпорындардың басым бөлігінде карантиндік режим жеңілдетілгеннен кейін және Үшжақты комиссияның белсенді жұмыс бастауынан кейін ұжымдық шарт жасауда ілгерілеушілік бар. Жыл басынан бері 272 кәсіпорын ұжымдық шарт жасаса, оның ішінде мерзімі өтіп қайта жасасқаны 74, ал жаңадан ұжымдық шарт жасағандары 198 болып отыр.
Брифингте Шымкент қаласындағы ҚР Жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясының өкілі А.Толщин және Шымкент қаласының «Кәсіподақтар бірлестігі төрағасы» Б.Бекжанов үшжақты комиссияның атқарған жұмыстарының тиімділігіне тоқталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.