Шымкент: Әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбасының балалары компьютермен қамтылған

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен елімізде енгізілген карантинге байланысты Шымкент қаласында қашықтықтан, кезекшілік сыныптардың білім беру жағдайы бойынша брифинг өтті.


Баспасөз мәжілісінде басқарма басшысы карантиндік режим кезінде қашықтан оқыту барысына тоқталды.

– Қаладағы барлық мектептерде «Bilim Iand — Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқыту ұйымдастырылған. Сонымен қатар, олар ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізуде. Ал мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың қалауы бойынша балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылды. Бала саны 15-тен аспайды. Жалпы, бүгінде 2711 кезекші топта 18 971 бала тәрбиеленуде, – деді Ж.Тәжиева.

Жанат Арысбекқызының сөзіне сүйенсек, қалада қашықтан білім беру жағдайында 222 050 оқушының 80 780-інде (36,3%) компьютерге тапшылық анықталған. Оның 42 907-і – әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары. Осыған орай білім ұйымдарындағы компьютерлерді уақытша беру арқылы бірінші кезекте әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбасының 35 798 баласы компьютермен қамтылған. Алдағы уақытта сатып алынатын компьютерлік құрылғылар есебінен 44 982 оқушы қамтылады. Оның ішінде 7 109-ы – аз қамтылған отбасы балалары, ал ББҰДҚ сәйкес 37 873-і компьютерді қажет ететін отбасы балаларына үлестіріледі.

Брифинг барысында басқарма басшысы интернет желісі нашар елдімекендердің мәселесі шешіліп жатқанын айтты. Одан бөлек, Шымкент қаласында кезекші сыныптарға шахмат сабағы енгізілгенін жеткізді. Бұл бастама жөнінде пікір білдірген Жанат Арысбекқызы басты мақсат баланың зияткерлік деңгейін өсіру, ой-өрісін дамыту екенін алға тартты.

Айта кетейік, биыл Шымкент қаласында жаңа оқу жылы 752 білім беру мекемелердегі 330 мыңға жуық білім алушылармен басталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. Today, I went to the beach with my kids. I found a sea shell and gave it to my 4
    year old daughter and said «You can hear the ocean if you put this to your ear.»
    She placed the shell to her ear and screamed.
    There was a hermit crab inside and it pinched her ear.

    She never wants to go back! LoL I know this is totally
    off topic but I had to tell someone! I saw similar here: E-commerce

  2. Hello there! Do you know if they make any plugins to
    assist with Search Engine Optimization? I’m trying to
    get my blog to rank for some targeted keywords but I’m not
    seeing very good gains. If you know of any please share.
    Appreciate it! You can read similar text here: Ecommerce

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.