Шымкент: Әсия Абдрасилова – емдік массаж жасаудың нағыз маманы

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Шапағат» арнайы қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкері Әсия Абдрасилова – емдік массаж жасаудың кәнігі маманы.


Әлеуметтік қызметкер денсаулығына байланысты үшінші топ мүгедегі. Соған қарамастан, еңбекқор жан өз саласының үздіктерінің бірі. Кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында үздіксіз ізденіп, білім алуға талпынады.

Ресейдің Мәскеу қаласында массаж мектебінен, Қытай мамандарынан «остеопатиялық массаж», «балмен емдік массаж», «лимфадренажды массаж», «классикалық», «спорттық», «шығыс массажы» түрлерінен оқып білім алған заңды сертификаттары бар. Жүрек қан-тамырларының бұзылуынан инсульт алған көптеген науқастарды шипалы қолының емімен аяққа тұрғызған. Оңалту орталығына келген әр қызмет алушы Әсияның шипалы қолынан алған еміне шексіз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырып жатады.

Қолынан келген жұмысты жасауға деген Әсиянің ұмтылысы көптеген жандарға үлгі болары хақ.

Айта кетейік, «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығында психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан бірінші және екінші топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Білікті терапевт, невропатолог, психиатр, травматолог-ортопед дәрігерлері мен жалпы тәжірибелік дәрігер мамандары жұмылдырылған. Орталықта бүгінде 70 –ке жуық мүмкіндігі шектеулі азамат қызмет алуда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.