Шымкент: 101 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілді

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25», «2-10-20» және «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» тұрғын үй бағыттарын автоматтандыру мақсатында «Шымкент-Баспана» ақпараттық жүйесінің жұмысы қалыптастырылды.


Бұл жөнінде Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ басқарма басшысы кредиттік тұрғын үй бағыттарының орындалу барысы туралы баяндады.
Оның айтуынша «2-10-20» тұрғын үй бағыты бойынша 224 отбасы әлеуметтік несиелендіру шартымен тұрғын үймен қамтылған. Оның ішінде көпбалалы отбасылар – 114, толық емес отбасылар – 60, мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасы – 50. Сонымен қатар, «2-10-20» — «Бақытты отбасы» кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша бастапқы жарнасының бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде жергілікті бюджеттің есебінен бөлінген 100 млн. теңгеге 101 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілді.
Одан бөлек, 1 қазандағы жағдайға сәйкес, «7-20-25» тұрғын үй бағыты бойынша 885 азамат жаңа пәтердің кілтін алған.
Жыл соңына дейін «7-20-25», «2-10-20» бағыттары бойынша 4 несиелік үй, «5-20-25» бағыты бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы ЖАО-да кезекте тұрғандарға 16 несиелік үй, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бағыты бойынша банк салымшыларына (ЖАО-да кезекте тұрғандарға – 50%, салымшыларға – 50%) 6 кредиттік үй пайдалануға беріледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.