Шымкент: 17000 метр арық тазаланып, 350 куб метр күл-қоқыс шығарылды

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында күзгі санитарлық тазарлық жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда, деп хабарлайды Anyq.kz ақпараттық агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Ішкі орам көшелер мен аулаларды санитарлық тазалау, абаттандыру, арық-атыздарды ретке келтіру басты назарда.

Аталған тазалау, абаттандыру жұмыстарына төрт аудан әкімдігі де белсенділік танытып отыр. Соның ішінде, Қаратау ауданы аумағында күзгі санитарлық тазалау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Ішкі орам көшелер мен аулаларда қоқыстарды, қураған шөптерді жинау жұмыстары кезекті рет орындалды.

Күзгі мезгілде жауын-шашынның көп болатыны заңды. Осыған орай, ауданда арық-атыздарды тазалау да назардан тыс қалған жоқ.

Жалпы аудан аумағындағы 24 елдімекенге тазалау, абаттандыру жұмыстары бойынша əкім аппараты тарапынан жауапты мамандар бекітілген. Санитарлық тазалау жұмыстарына жауапты – «Ақсемсерстройсервис» ЖШС-і.
Қазіргі таңда 17000 метр арық тазалынып, 350 куб метр күл-қоқыс шығарылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.