Шымкент: 39 көп қабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкент қаласында биыл Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында 70 көп қабатты үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.


Бүгінде аталған көп қабатты тұрғын үйлердің 39-ында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 17 тұрғын үйде жұмыстар әлі де жалғасуда. Ал қалған 14 көп қабатты үй тұрғындардың өз есебінен жүргізіліп қойғандықтан жөндеу жұмыстарынан бас тартқан.
Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қаладағы тұрғын үйлердің лифттерін ауыстыру бойынша да жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жыл соңына дейін 6 көпқабатты тұрғын үйдің (Әл-Фараби алаңы №1А, Желтоқсан көшесі №32, Тәуке хан даңғылы, №32, Терешкова көшесі, №50А және Темірлан тас жолы бойында орналасқан №1, 1А үй) 12 лифт қондырғысы ауыстырылатын болады.
Модернизациялау жұмыстарына жауапты – «Тұрғын үй- Шымкент» ЖШС-і мердігер мекемесі.Мұрат Әйтенов тұрғын үй төрайымдарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды көрді. Сондай-ақ, сала басшысына жұмысы аяқталмаған нысандарды мерзімінде сапалы аяқтауды жүктеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.