Шымкент: «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросында қоғамдық кеңестердің жаңа құрылымы таныстырылды

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен қалалық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросында қоғамдық кеңестердің жаңа құрылымы таныстырылды.


Яғни, қалалық филиал жанынан 10 қоғамдық кеңес жұмыс істейтін болды.

Олар:

  • Партиялық бақылау комитеті
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес
  • Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» кеңесі
  • Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңес
  • Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңес
  • Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңес
  • Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес
  • Өңірлік даму жөніндегі кеңес
  • Жастарды қолдау жөніндегі кеңес
  • Экологиялық кеңес

Әрбір кеңеске төраға бекітілді және оларға партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бір бағыты жүктелген.

«Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырылуына әрбір кеңес мүшелері жауапкершілікпен қарайтын болады.

 «ANYQ.KZ» ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.