Шығармашылық ізденісімен, жаңашылдығымен дараланған шымкенттік ұстаз

Шымкент қаласы Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Қызайхан Өтегенова 40 жылға жуық ұстаздық етіп келеді.


Осы жылдар аралығында ол өзінің шығармашылық ізденімпаздығымен, ой тереңдігімен, жаңашылдығымен дараланды. Шәкірттің сабаққа деген ынта-ықыласын оятатын әдістерінің арқасында талай түлектің математика пәніне таңдау жасауына себепкер болды.

Ұлағатты ұстаздың шәкірттері математика пәнінен халықаралық, республикалық олимпиадаларда топ жарып, қаламыздың намысын қорғай білді. «Самұрық» республикалық математикалық-зияткерлік сайысы, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Кенгуру математика барлығы үшін» халықаралық зияткерлік конкурсында жүлделі орындарды иеленген.

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған кейіпкеріміз «Ұлағатты ұстаз» төс белгісімен, білім беру жүйесін жетілдіру, сапасын арттыру жолында қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Сонымен қатар, республикалық «Үздік педагог-2020» байқауында І орын, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Білім беру ісінің үздік педагогы — 2020» байқауында І орын, республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында І орынға ие болды.

Қызайхан Оңғарбекқызы халықаралық алгебра пәнінен ұстаздар арасында олимпиадада жүлделі І орыннан көрініп, мектептің мақтанышына айналды. Қызайхан Оңғарбекқызының математиканы оқытудың тиімді тәсілдерін меңгеруге бағытталған авторлық еңбектері әріптестерінің жоғары бағасына ие болып, бүгінде кеңінен қолданылуда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.