ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қазбыек Иса мақтааралдықтармен кездесу өткізді

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ақын, журналист Қазыбек Иса Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан тұрғындарымен еркін форматта кездесу өткізді.


Аудан әкімі Бақыт Асановтың өзі төрағалық еткен жиынға ауданның зиялы қауымы, ардагерлер кеңесі, әжелер алқасы, мәслихат депутаттары мен ауданның ерікті жастары офлайн түрде және кенттер мен ауылдық округтердің тұрғындары «Zoom» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн қатысты.

Алғаш болып сөз алған халық қалаулысы өзінің Парламент қабырғасында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. Қазыбек Жарылқасынұлы мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, мәдениет және руханият саласын қолдау, қандастарымыздың азаматтық алу мәселелерін жеңілдету, алаш зиялыларын ұлықтау, спорт саласын реформалау жөнінде Үкіметке депутаттық сауалдар жодағанын атап өтті. Сондай-ақ, ұлт және мемлекет мүддесі үшін қойылған сауалдарының бірнешеуі нәтиже бере бастағанын айтты.

Жиын барысында сөз сөйлеген аудан ардагері Пердеш Есенбеков Қазыбек Жарылқасынұлы сияқты мемлекетшіл тұлғалардың Парламенттен төбе көрсетуін жақсы ырымға балап, еліміздің болашағы және де жарқырай түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, ардагер депутаттан Мақтаарал ауданындағы пойыз жол, әуе жолдарын қалыпқа келтіруге ықпал жасауына өтініш білдірді. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың депутаты, шаруа қожалық иесі Мұхтар Әжіқабылов жер емген шаруаларды қолдаудың, субсидиялаудың әлемдік тиімді стандарттарын енгізу мәселесін Парламентте көтеруді ұсынды.

Аудан тұрғыны, кәсіпкер Сырым Жүсіпов елімізде азық-түлік, жанар-жағармай бағасының тұрақсыздығының негізгі себебі ретінде электр энергиясы тарифінің негізсіз өсуін атап көрсетіп, осы мәселені Үкіметтің назарына жеткізуді сұрады. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Шахзада Құрбанбаевалар депутатқа жылы лебіздерін білдіріп, мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізу, мектеп оқушыларына дәстүрлі білім беруді қайта жалғастыру мәселелерін көтерді.

Кездесу соңында депутат Қазыбек Иса ауданның кәсіпкер-меценаты, мәдениет, өнер және білім салаларының жанашыры Сырым Жүсіповты Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекелік медалымен марапаттады. Сондай-ақ, аудан әкімі Бақыт Асанов халық қалаулысына сый-құрмет көрсетіп, Елбасының Мақтаарал ауданында тұратын сыныптасы Роза Төлемісова жарыққа шығарған Н.Ә.Назарбаев туралы естелік кітаптарды сыйға тартты. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.