Түлкібас ауданы: Т.Рысқұлов мектебі «Мектепке домбыра сыйла!» акциясын ұйымдастырды

Түлкібас ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінде «Балаларды қорғау күні» мерекесі мен «Балалар жылына» орай Ұлттық аспабымыз домбыраны кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында «Мектепке домбыра сыйла!» акциясын аудандық мәдениет үйінде өткізді.
Игі іс-шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт, мәслихат хатшысы Сәдуахас Сейсенбаев, мәслихат депутаттары мен осы мектептен түлеп ұшқан түлектер қатысып, акцияға өз үлестерін қосты.
Маңызды шараның мектеп оқушыларының домбыраға деген құмарлығын оятып, ұлттық өнерді меңгеруіне ықпал етері сөзсіз. Осы ретте мереке күнге орайластырылған шара барысында Ұрбұлақ мектебінен кейін эстафета тізгінің ұстаған Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебіне 40 домбыра сыйға тартылды.
Мерекелік жиында мәслихат депутаттары және басқа да қонақтар ыстық лебіздерін білдіріп, Т.Рысқұлов мектебінің директоры Е.Махашев игі шараны эстафета ретіне Б.Момышұлы мектебіне тапсырды.

Ad Widget

Recommended For You