Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Келес ауданында болды

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Келес ауданының 2021 жылдың Ұлттық санағына дайындық жұмыстарымен танысты.


Ең алдымен ол Келес ауданындағы халық көп шоғырланған Ақтөбе ауылдық округіне барды. Ондағы инструкторлық учаскеге табан тіреген Нұрболат Айдапкелов бірінші кезең персоналымен жеке тілдесті. Сондай-ақ, Бюро төрағасы аудан орталығы Абай ауылындағы инструкторлық учаскеде болып, ондағы жағдайды көзімен көріп қайтты.

«Тек санақтық аудандастырудың дұрыс жүргізілуі ғана халықтың санақ кезінде толық есепке алынуын қамтамасыз етеді», — деп атап көрсетті Айдапкелов.

Дайындық кезеңі шеңберінде тұрғын үйлердің (пәтерлердің) және тұрғын үй ретінде пайдаланылатын тұрғын емес

орынжайлардың тізімі нақтылануда. Бұл негізгі кезеңді жүргізу үшін қажет, сол арқылы халық санағының негізгі кезеңінде санақ қызметкерлеріне берілетін жүктеменің мөлшерге сай болуы, халық саны мен аумақтың нұсқаушылық және тіркеу учаскелерінің тең бөлінуі қамтамасыз етіледі.

Жалпы Түркістан облысында 50 нұсқаушылық учаске құрылған. Ұлттық санаққа дайындық және өткізу жөніндегі нұсқаушылармен (уәкіл 126 адам) еңбек келісім шарты жасалған. Сондай-ақ, нұсқаушы-бақылаушылармен, интервьюерлермен ақылы қызмет көрсету келісім шарты жасалды. 522 адамнан тұратын барлық қызыметкерлер (126 уәкілетті, 50 нұсқаушы-бақылаушы, 346 интервьюер) тәжірибелік оқу-жаттығудан және одан кейін статистика департаментінің базасында тестілеуден өтті.

Интервьюер ретінде басқа қызмет түрлерінен босатылыған барлық ниет білдірушілер ерікті негізде қабылданды. Санақ қызметкерлерін жинау кезінде Департаменттің әлеуметтік желілерінде және сайтында, халықты жұмыспен қамту орталығының және «Электронды еңбек биржасы» АЖ-нің әлеуметтік желілерінде хабарландырулар берілді.

Қазіргі уақытта барлық санақ қызметкерлері толықтай орынжаймен, компьютермен, жиһазбен қамтылған. Компьютерлер Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік орталығына (МО БКО) қосылған. Әрбір қызметкер жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған. Қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесі шешілген. Әрбір нұсқаушылық учаскеге учаскелік полиция инспекторы бекітілді. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.