Облыс ұстаздары марапатталды

Түркістан қаласындағы оқушылар сарайында Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы 2021-2022 оқу жылында болған халықаралық, республикалық олимпиадаларда, конкурстар мен байқауларда жеңімпаз атанған оқушыларды дайындаған мұғалімдерді «Құрмет» грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Іс-шараға 2021-2022 оқу жылында өткізілген халықаралық, республикалық олимпиадалар, конкурстар, байқауларда жеңімпаз болған оқушыларды дайындаған Түркістан облысының аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты жалпы білім беру ұйымдары мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларын дайындаған мұғалімдер қатысты.
Марапатқа ие болғандардың арасында Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың механика және математикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысқан 2 оқушының мұғаліміне, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жүлдегерін дайындаған 22 мұғалімге, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жүлдегерлерін дайындаған 8 мұғалімге, республикалық оқулардың қорытынды кезеңінің жүлдегерлерін дайындаған 15 мұғалімге құрмет көрсетілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Rastreador de celular — Aplicativo de rastreamento oculto que registra localização, SMS, áudio de chamadas, WhatsApp, Facebook, foto, câmera, atividade de internet. Melhor para controle dos pais e monitoramento de funcionários. Rastrear Telefone Celular Grátis — Programa de Monitoramento Online. https://www.xtmove.com/pt/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.