Облыс әкімінен алғыс алды

2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша өтілген олимпиаданың республикалық кезеңінен ГЕОГРАФИЯ пәні бойынша жүлделі ІІ орын иеленген Бәйдібек ауданы Борлысай жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Шырынтай Нұрмұхаммед Жандосұлы, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде Түркістан облысының әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлының алғысына бөленді.
Республикалық деңгейде жетістікке жетіп, облыстың, ауданның, мектебінің мерейін үстем еткені үшін облыс әкімі өзінің ыстық ықыласын білдіріп, алдағы өмір жолында биік шыңдарды бағындыруды тіледі.

Ad Widget

Recommended For You