
Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің А.Пушкин атындағы №3 жалпы орта мектебінде Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00-де орындады.
Сонымен қатар мектеп директоры Г.О.Оракбаева жұмысты басшылыққа ала отырып, рәміздер тарихы және авторлармен таныстырды. Оқушыларға Отанымыз, туған жеріміз Қазақстан туралы түсініктерін кеңейту және Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге,елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге терең ой тастады.
Бейбітшілігіміз бен рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білейік! Туымыз көгімізде мәңгілік желбіресін!
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
