57 МЫҢ ШЫМКЕНТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Әлеуметтік салада басты мақсаттардың бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санын азайту екенін айтқан Шымкент әкімі М.Әйтенов халықты жұмыспен қамту шараларына 57 мыңнан астам адамды қатыстыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Сандарды сөйлетсек, 2022 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы жұмыссыздар саны 22 546 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1% құраған.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 6 004 адам қатысты, жоспар 17,9% орындалды.
Кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланған, олар:
— 1 632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыссыздарды жұмыс орындарында оқыту;
— 760 адам жұмыс берушінің жұмыс орынында оқыту;
— 1 976 адам дағдыларға онлайн-оқытуды ұйымдастыру, нақты 127 адам.
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетілетін болады. Олар:
— 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту;
— 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беріледі:
Субсидияланатын жұмыс орныдары бойынша 4 819 адамға жұмысапен қамту шаралары көрсетіледі, нақты 2 864 адам. Олар:
— 90 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 122 адам (135,6%);
— 2 098 адам жастар практикасы, нақты 864 адам (41,2%);
— 2 188 адам жоспар ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты 1 784 адам (79,9%);
— 227 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», нақты 130 адам (57,3%);
— 24 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы;
— 192 адам «Күміс жас» жобасы.
Жұмысқа орналастыру бойынша 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған, нақты 3 013 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (15,4%). Олар:
— 19 609 адам бос жұмыс орындары, нақты 3 013 адам (15,4%);
— 3 630 адам жаңа жұмыс орындары.

Ал 5 айда 22 мыңнан астам адам қамтылды. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттен 7,2 млрд.теңге қарастырылған.

«Тең қоғам» орталығында 1900 мүмкіндігі шектеулі азаматқа құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді. Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау үшін бюджеттен – 4,5 млрд. теңге қаржы қарастырылды (2021 ж. 3,7 млрд.т). «Бақытты жанұя» орталығында 7062 көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсетілді.

«Anyq.kz» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.