Шымкентте №2 оңалту орталығы жаңа жабдықпен толықты

Медициналық мекемеге тіркек қимылы бұзылған балаларды емдеуге арналған «E-helper» апппараты орнатылды.


Роботтандырылған жаңа құрылғыда балаларға арнайы аяқ киім кигізіліп, өздігінен қозғала бастайды. Нәтижесінде бұлшықеттер қозғалып, жүйке жүйесімен байланыс орнатылады дейді орталық мамандары.

Мұндай экзоскелет құрылғысы қалада алғаш рет қолданысқа еніп отыр.

Жаңа құрылғы арқылы аяқтың әлсіздігі, үйлестіру бұзылыстары бар науқастарды, инсульт, склероз, паркинсон, сал ауруы, жұлын және бас миының жарақаты, кардиологиялық ақаулар мен ковидтен кейін пайда болған асқынуларды емдеуге болады.

Қазіргі таңда аталған жаңа аппаратты тиімді пайдалану үшін отандық дәрігерлерге Ресейден арнайы мамандар келіп шеберлік сабағын өтуде.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.