5 қаңтардан бастап елімізде қандай карантин шаралары күшіне енеді

2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Covid-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша қосымша шаралар шеңберінде жекелеген объектілердің қызметіне енгізілетін жаңа шектеулер күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінше , еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен жұмыс және демалыс күндерінде сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне (азық-түлік емес), сауда желілеріне (сауда алаңы 6000 шаршы метрден астам), караокеге кіруге жұмыс режимі шектелмей, қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе (вакцинация, сынама алынған сәттен бастап 7 күннен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдар) болған жағдайда рұқсат етіледі.

Қабылданған шаралар коронавирустың омикрон түрінің таралу және жұғу жылдамдығына негізделген, ол қазірдің өзінде әлемнің 110 елінн табылды, ал 30 қарашада ол небәрі 10 елден шыққан болатын.

Омикрон штамының таралуы бірқатар елдердің денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуін тудырып отыр.

Осыған байланысты қабылданып отырған шаралар эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға, аурулар санының өсу қаупін азайтуға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеуге бағытталған.

Коронавирустың бұл түрінің жұқпалылығы дельта нұсқасына қарағанда 5 есе жоғары екенін есте сақтау керек, қайта жұқтыру қаупі жоғары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша ауру бірнеше айдың ішінде бүкіл әлемге таралуы мүмкін.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.