Түркістан: Арыстың ажарлануына әскерилер де атсалысуда

Қасиетті рамазан айының бірінші күні Түркістан облысы, Арыс қаласындағы № 44859 әскери бөлімінің сарбаздары «Жасыл Арыс» КММ-мен бірлесіп, экологиялық акция ұйымдастырды.


Сауабы мол шарада 300-ге жуық сарбаз көшет отырғызатын шұңқырлар дайындады. Енді алдағы күндері «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары аталған орындарға көшет отырғызады.

— Қасиетті рамазан айында біз халықпен бірге қаланың көркеюіне үлес қосуды ұйғардық. «Ағаш — ел дәулеті, жер сәулеті» деген тәмсіл бар. Егілетін ағаштар болашақта мәңгілік сая берсін, Арысымыз көрікті болсын, — дейді игі бастамаға мұрындық болған № 44859 әскери бөлім командирі Көпжасар Айтбекұлы.

Табиғатты аялап, күтіп-баптау, гүлдендіру, абаттандыру — сауапты амал ғана емес, отаншылдықтың белгісі.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.