Түркістан: Келестік оқушы АҚШ-тың 8 университетінің грантын жеңіп алды

Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округіңде орналасқан №9 Көлтоған жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жанерке Зейлбекова Америка Құрама Штаттарының 8 университетінен грант ұтып алды.


Жанерке Зейлбекова 9 сыныптан бастап ағылшын тілін терең меңгеріп, Назарбаев университетіне түсуге тыңғылықты дайындала бастаған. 10-сыныпқа қадам басып, онлайн түрде оқу курстарынан өтіп, шет елдегі конкурстарға қатыса бастады. Нәтижесінде АҚШ мемлекетінің 8 университетінен шақырту алды. Қазіргі таңда Түркия мемлекетінің жоғары оқу орындарына да құжаттарын тапсырып, нәтижесін күтуде. Білімді шәкірт жеткен жетістіктеріне басты себепкер болған №9 Көлтоған жалпы орта мектебінің ұстаздарына дән риза.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.