Қазақстанда жастар үшін жоғары жалақысы бар бос жұмыс орындары анықталды

HeadHunter Қазақстан компаниясы еңбек тәжірибесі жоқ жастар үшін ең жоғары жалақысы бар бос жұмыс орындарын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Жастарға жұмыс ұсынуға дайын кең тараған сала сату бөліміне қатысты болды. Осы орайда көбіне сату жөніндегі менеджерлер мен риэторлар кездеседі. Бұл қызметтерде әрбір сатылымнан бонус төлеу ұсынылады, сондықтан жалақы сомасында елеулі айырмашылық бар, яғни 70 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін.

Сонымен қатар, туризм, қонақ үй, мейрамхана саласында да ұсыныс баршылық. Бұл ретте даяшы, бармен, аспазшы, хостес пен турагенттер кеңінен тараған. Осы салада жалақы 60 мыңнан 300 мың теңгеге дейін барады.

«Әкімшілік персонал» саласы бос жұмыс орындар бойынша үшінші орында. Осы бағытта кеңсені басқарушылар, ресепшионистер, хатшылар мен жеке ассистенттерге қатысты ұсыныс бар. Олардың жалақылары 70-тен 250 мың теңгеге дейінгі деңгейде.

Бос орындар саны бойынша төртінші орында ақпараттық технологиялар, интернет, мультимедиа саласы тұр. Қызметін енді бастаған маман 450 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін. Осы орайда бағдарламашы мамандар, жүйе әкімшісі мен Helpdesk мамандар ерекше сұранысқа ие.

Осы зерттеудегі бестікке маркетинг, жарнама, PR бағыты кіріп отыр. Жас мамандар үшін SMM-менеджер, еvent-менеджер мен дизайнер сияқты бос орындар бар. Бұл саладағы жалақы 80-нен 500 мың теңгеге дейін ұсынылған.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.