Петропавл мен Ресейдің көрші облыстары арасында электр пойыздар жүретін болды

Петропавлдан Ресейдің көрші өңірлеріне екі электр пойызы жіберілмек.


Тұрғындар арасында сұранысқа ие бағыт індетке байланысты тоқтап қалған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Оңтүстік Орал темір жолының басшысы Игорь Рязановпен жүздескенін жазды. Кездесуде теміржол саласын дамыту және екі ел арасындағы жолаушылар тасымалы мәселелері талқыға түскен.

«Петропавл-Есілкөл» және «Петропавл-Петухово» электр пойыздарының қозғалысын жандандыруға келістік. Естеріңізге сала кетейін, олардың қозғалысы 2 жыл бұрын пандемияға байланысты тоқтап қалған еді. Көліктің бұл түрі шекаралас облыстардың тұрғындары арасында сұранысқа ие.

Сондай-ақ кездесуде «Маслодел» серіктестігі салып жатқан майды экстракциялау зауыты үшін қажетті кірме темір жолды салу мәселесі талқыланды. Ол облыс үшін өте маңызды өндіріс ошағы, 15 млрд теңге инвестиция тартылып жатыр. 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл жобаны тез арада бекітуге келістік», — деді Құмар Ақсақалов.

Қазіргі уақытта Петропавлдан пойыз арқылы Ресейдің Мәскеу, Ростов-На-Дону, Санкт-Петербург, Самара, Новосібір, Саратов сияқты бірқатар қалаларына баруға болады.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Monitor phone from anywhere and see what’s happening on target phone. You will be able to monitor and store call logs, messages, social activities , images , videos, whatsapp and more. Real-time monitoring of phones, No technical knowledge is required, no root is required.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.