Шымкент: «7-20-25» жеңілдетілген несие бағдарламасы аясында тараған жалған ақпараттар шындыққа жанаспайды

Шымкент қаласының Ақпаратттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ғ.Утенбаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша жеңілдетілген несиелік тұрғын үйлерге «Shymkent-baspana.kz» сайтында өтінімдер қабылдау бойынша арнайы баспасөз мәжілісін берді.


Спикер БАҚ арқылы қала тұрғындары арасында осы «7-20-25» бағдарламасы аясында айтылып жүрген теріс пікірлер мен дәлелсіз, шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды. Себебі конкурс толығымен автоматтандырылған портал арқылы жүргізілуде.

— 2022 жылғы 11 сәуірден жұмыс уақытымен cағат 09:00 ден 15 сәуір сағат 19:00 аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша жеңілдетілген несиелік тұрғын үйлерге «Shymkent-baspana.kz» сайтында тәулік бойы өтінімдер электронды түрде қабылданған болатын. Тұрғындарға түсіндірмелік жұмыстар жүргізу мақсатында Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасында бұл бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді. “7-20-25” несиелік бағдарламасына қатысты азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға сала мамандарымен Заң аясында тиісті түсіндірмелік ақпараттар берілді. Өтінім беруші азаматтар әр қайсысы жекелей қатысу кезектілік ретін көруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар аталған азаматтар тарапынан жазбаша түрде өтініштер қабылданып, ресми тіркеуге алынды. Жазбаша келіп түскен өтінімдер басқарма мамандарымен қарауға алынып, Заң аясында тиісті ресми жауап жолданатын болады. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында осы орайда толығымен автоматтандырылған Shymkent-baspana.kz порталы қолданылуда. Азаматтардың өтінімдеріне сәйкес пәтерлерді бөлуді аталған портал автоматты түрде өзі жүзеге асырады. Бұл орайда ешқандай адами фактор әсер ете алмайды. Бағдарлама арқылы өтінім берушілерге өтінім берген уақыты және ID нөмірін көруге қолжетімділік қарастырылған.

Сондай ақ аталған порталдың толығымен автоматтандырылу жұмыстары цифрландыру басқармасымен жүзеге асырылған. Конкурсқа қатысқан жалпы азаматтардың тізімі Shymkent-baspana.kz порталында жарияланады.

Бұл орайда өтінім берушілердің өтінім беру уақыты, аталған бағдарламаның талап шарттарына сәйкестігі, құжаттарды толық нұсқада жолдауы және кредиттік тарихы маңызды рөл атқармақ. Ағымдағы жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша азаматтарды баспанамен қамту жұмыстарына сәйкес алдағы уақытта тағы да конкурс өткізу жоспарлануда екенін де атап өтті.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. How to track the location of the other person’s phone without their knowledge? You will be able to track and monitor text messages, phone calls, location history and much more. Free Remote Tracking and Recording of Husband’s Phone Cell Phone Spy. Best Apps to Download for Free to Spy on Another Phone. https://www.xtmove.com/

  2. Instalación simple y descarga gratuita, no se requieren conocimientos técnicos y no se requiere raíz.Grabacion de llamadas, Grabacion de entorno, Ubicaciones GPS, Mensajes Whatsapp y Facebook, Mensajes SMS y muchas características mas.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.