Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының мектепке дейінгі, орта білім беруді дамыту және жаңа технологиялар бөлімі Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Айсұлтан» ЖШС-інде «Балабақшада этнопедагогиканы оқу-тәрбие процесінде енгізу жолдары», «Қарлығаш» МКҚК-де «Вариативтік оқу бағдарламаларын әзірлеу арқылы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әдістемелері мен технологияларын жетілдіру», «Аяулым» МКҚК-де «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамыту моделін іске асыру жолдары» атты тақырыптарда семинар өткізді.
Оған аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне жауапты әдіскерлері, облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімдерінің мамандары қатысты.
Семинар жұмысы 3 балабақша базасында өтті. Әр балабақшада тренингтер өткізілді. Оның мақсаты мектепке дейінгі білім беруде қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін дәріптеп, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу болды. шара соңында семинарда қамтылған тақырыптарға байланысты пікір алмасулар болып, ұсыныстар қабылданды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
Suivre le téléphone portable — Application de suivi cachée qui enregistre l’emplacement, les SMS, l’audio des appels, WhatsApp, Facebook, photo, caméra, activité Internet. Idéal pour le contrôle parental et la surveillance des employés. Suivre le Téléphone Gratuitement — Logiciel de Surveillance en Ligne. https://www.xtmove.com/fr/
Melhor aplicativo de controle parental para proteger seus filhos — Monitorar secretamente secreto GPS, SMS, chamadas, WhatsApp, Facebook, localização. Você pode monitorar remotamente as atividades do telefone móvel após o download e instalar o apk no telefone de destino.