
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Оқу жылы қорытындысы: жағдайы, мәселелері, перспективалары» атты тақырыпта жиын өтті. Онда 2021-2022 оқу жылындағы өзекті мәселелері қаралып, оларды шешу жолдары айтылды.
Жиын 5 секциядан тұрды.
1) бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымы;
2) қазақ, өзбек, тәжік тілдерінің пән мұғалімдері;
3) оқу-әдістемелік басылымдардың сараптамалық кеңес мүшелері;
4) білім беру бойынша пән мұғалімдері;
5) аудандық, қалалық АӘД бөлімдерінің әдіскерлерімен жүргізілді.
Әр секцияда білім саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, пленарлық отырысқа олардың шешу жолдары ұсынылды.
Пленарлық отырысқа облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы қатысып, педагогтардың қорытынды жиынын жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу керектігін тілге тиек етті. Алдағы уақытта облыс педагогтарының коллегиясы өтетінін мәлімдеді.
Облыстық білім беруді дамыту орталығына көтерілген ұсыныстар мен мәселелер бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.