«АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!» ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

Түркістан қаласындағы Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында «Ата Заңым — айбыным!» атты облыстық дебаттан турнир өтті.
Мақтаарал ауданындағы Қ.Қайсенов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ лигасынан Мұстафаева Ақдидар мен Есжан Әсемай, орыс лигасынан Қалижан Феруза мен Бектұрсын Нурила және ағылшын лигасынан Мырзакент мектеп-гимназиясының Болыс Амина мен Искендир Асылзат есімді оқушылары пікірсайысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтсақ, қазақ лигасы бойынша «Адвокат пен Прокурор» фракциясы турнирдегі ең жоғары спикерлік ұпай жинап, «Ең үздік спикерлер» номинациясымен марапатталды. Орыс лигасы бойынша «Риторика» фракциясы және ағылшын лигасынан «Super Star» фракциясы жүлделі ІІ орынды иеленді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.