
1 маусым – Халықаралық балалар қорғау күніне орай Қазығұрт ауданында ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында «Жауқазын» өнер фестивалі өтті.
Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі, және Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бірлесіп өткізген шарада балалар өз өнерлерін көрсетіп, би-билеп, ән салды. Балалар қолынан шыққан қол өнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.
Шара соңында Фестивальге қатысқан балаларға «Алғыс хатпен» марапатталып, сыйлықтар табысталды. С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің үйде оқитын оқушы Өмірбек Толғанай «Әке мен ана» әнін шырқаса, «Ынталы» жалпы орта мектебінен келген Сәбит Нұртас пен Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің оқитын оқушысы Урисбай Даулет тақпақ айтты. «Қызылтаң» жом үйде оқитын оқушы Саттар Айымхан да «Анажаным» әнімен орындап келген қонақтардың жүрегін елжіретті.
