
Түркістан облысы ХV республикалық «Бастау» математикалық турнирінде командалық рейтинг бойынша ІІІ орын иеленді. Турнирге 6 оқушы қатысты. Турнир қазақ және орыс тілдерінде 3 турда өтті.
1-тур- «Әу,баста!» (командалық жазбаша олимпиада)
2-тур-«Асық» (командалық ауызша олимпиада)
3-тур-«Бәйге» (жекелей ауызша олимпиада)
Сайыс қорытындысы бойыншаТөлеби ауданы №5 мектеп гимназияның 2 сынып оқушысы Давыдова София II орынды, Жетісай ауданы, М. Горький атындағы №1 мектеп гимназияның 3-сынып оқушысы Ерланов Бейбарс II орынды жеңіп алды. Кентау қаласы , Ә. Бөкейхан атындағы №23 жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Исаев Мирас мақтау қағазымен марапатталды. Созақ ауданы, Ы.Алтынарин атындағы жалпы орта мектебінің 2- сынып оқушысы Қыдырбек Айкүнім мақтау қағазымен марапатталды. Түлкібас ауданы, О.Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің 3-сынып оқушысы Нұрдаулет Нұртілек мақтау қағазымен мапаратталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
