Шымкент: Абай ауданында 10 ойын алаңшасы салынады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс нысандарын тексеру  барысында бірқатар ойын алаңшаларын аралады. Мегаполис басшысы бірінші кезекте халқы көп шоғырланған Абай ауданына ат басын бұрды.

Назар аударар жайт, Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері жалпы 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды. 2021 жылы 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, 12 спорт алаңшаларын ағымдағы жөндеу, 35 спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілді. «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілер есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданын аралау барысында атқарылған жұмыстарды көріп, жоспарлы құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.  

Биыл аудандағы Республика даңғылы №34 көпқабатты үй ауласында балалар ойын алаңшасы салынуда. Алаңша құрылысы аяқталуға жақын. Мердігер мекеме нысанды 1 ай көлемінде ел игілігіне тапсыратынын мәлімдеді. Одан соң шаһар басшысы Әлия Молдағұлова №44 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы салынып жатқан балалар ойын алаңшаларын көрді. Мұнда қауіпсіз ойын элементтері орнатылуда. Шілде айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Жалпы Абай ауданында үстіміздегі жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 ауланы абаттандыру және 10 спорт алаңшасын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Толық аяқталғаннан кейін тұрғындарға пайдалануға беріледі.

Бұл орайда ойын алаңшалары мен спорт алаңдарын салуда тұрғындардың ұсыныстарымен, талап-тілектерімен іске асатын «Халық қатысатын бюджет» жобасының берері мол екенін атап өткен орынды. Мәселен, Шымкент қаласында 2021 жылмен салыстырғанда биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының үлесі бес есеге артып отыр. 2022 жылы жалпы 148 жобаға қаржы қаралған. Атап айтқанда, Абай ауданында – 32, Әл-Фараби ауданында – 59, Еңбекші ауданында – 37, ал Қаратау ауданында 20 жоба іске асырылады. Өткен жылы 55 жобаға қаржы бөлінген еді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.