83 ШЫМКЕНТТІК ОТБАСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегіндегі 83 отбасы жалдамалы баспанамен қамтылды. Оның ішінде  халықтың әлеуметтік әлсіз тобына 55 арендалық пәтер қолданысқа табысталса, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 13, көпбалалы отбасыларға 15 пәтер қолданысқа берілді.  Бұдан бөлек былтырдан өтпелі болған 164 пәтермен ағымдағы жылдың басында кезектегі азаматтар қамтылған болатын. Аталған тұрғын үйлердің сатып алу құқықғы жоқ.

Бұл туралы тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева азаматтарды қабылдауда айтып өтті. 2022 жылы азаматтардың пайдалануына жалпы сатып алу құқығынсыз жалға беру мемлекеттік жобасы аясында 1605 пәтер табысталу жоспарланған. Oның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 54, көпбалалы отбасыларға – 476, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына — 218, жұмыс істейтін жастарға «Жастар бағдарламасы» бойынша 857 пәтер кілті табысталады. Сөз орайы келгенде айта өтейік, әлеуметтік тұрғын үйлерге кезекке 29 жасқа толмаған, тұрақты жұмыс істейтін азаматтар қатыса алады. 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалдамалы үйді 5 жылдық мерзімге береді. Бұл жоба жастардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Осы жоба бойынша 2021 жылы 300 жалдамалы баспана жастар игілігіне берілген болатын.

Бүгінде 1605 пәтердің 83-і түрлі санаттар бойынша ел игілігіне табысталып отыр. Қалған жалдамалы баспаналар жоспарға сәйкес жыл соңына дейін кезең-кезеңімен берілетін болады.

Айта кету керек, басқарма басшысы 40-қа жуық тұрғынға баспана мәселесіне қатысты қабылдау өткізіп, Заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, оның шешілу жолдарын қарастырды. Қабылдауда болғандардың қатарында кезекке тіркелген көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары, сондай-ақ зейнеткерлер бар. Тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға жалдамалы баспаналар кезек реті бойынша берілетіндігін жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. ¿Qué debo hacer si tengo dudas sobre mi pareja, como monitorear el teléfono móvil de la pareja? Con la popularidad de los teléfonos inteligentes, ahora existen formas más convenientes. A través del software de monitoreo de teléfonos móviles, puede tomar fotografías, monitorear, grabar, tomar capturas de pantalla en tiempo real, voz en tiempo real y ver pantallas de teléfonos móviles de forma remota. https://www.xtmove.com/es/how-to-monitor-my-partner-cell-phone-without-target-phone/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.