“ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ” ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРДАН СҰРАНЫС БАСЫМ

Шымкентте жас мамандарды жұмысқа орналастыру және зейнет демалысына шығатын жұмысшыларға лайықты ізбасар дайындауды мақсат еткен “Ұрпақтар келісімшарты” жобасына қатысып, жұмысқа жолданып жатқандардың дені  — жастар. Солардың бірі — Нилюфар Убайдуллаева.

Ол өткен жылы Шымкенттегі Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжін “Тігінші” мамандығы бойынша тәмамдаған. Осы жылдың маусым айының басында ол “Ұрпақтар келісімшарты” жобасына қатысуға өтінім беріп, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына тиісті құжаттарын өткізіп, нәтижесінде жеке кәсіпкер “Қасиет Collection” тігін цехына жолданған. Жас маман аталған өндіріс орнында зейнет жасына жақындаған тігін шебері Гүлчехра Егембердиевамен (суретте) орын ауыстыратын болады.

— Бұл жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыссыз жастар үшін зор мүмкіндік деп ойлаймын. Тәжірибе жинақтайсың. Тәжірибелі тәлімгерден істің қыр-сырын үйренесің. Жобамен келгеніме еш өкінбеймін. Өзімді жақсы қырымнан көрсетсем тұрақты жұмысқа тұруға да мүмкіндік мол, — дейді Нилюфар Убайдуллаева.

Биыл Шымкентте “Ұрпақтар келісімшарты” жобасымен 24 адамды жолдау жоспарланған.

Аталған жобаға қатысушының айлық жалақысы — 91890 тг. Мерзімі — 6 ай.

Айта кетейік, қалада кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетілетін болады. Олар:
— 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту;
— 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беріледі:
Субсидияланатын жұмыс орныдары бойынша 4 819 адамға жұмысапен қамту шаралары көрсетіледі, нақты 2 864 адам. Олар:
— 90 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 122 адам (135,6%);
— 2 098 адам жастар практикасы, нақты 864 адам (41,2%);
— 2 188 адам жоспар ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты 1 784 адам (79,9%);
— 227 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», нақты 130 адам (57,3%);
— 24 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы;
— 192 адам «Күміс жас» жобасы.
Жұмысқа орналастыру бойынша 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған, нақты 3 013 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (15,4%). Олар:
— 19 609 адам бос жұмыс орындары, нақты 3 013 адам (15,4%);
— 3 630 адам жаңа жұмыс орындары.

«Anyq.kz» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.