ШЫМКЕНТ: Ғ.ІЛИЯЕВ КӨШЕСІ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Қаладағы орталық көшелердің бірі — Ғ.Ілияев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жолдың үстінгі қабатын тегістеу, нығыздау, асфальт жабындысы салу жұмыстары атқарылып, жаяу жүргіншілер жолы да салынды. Жалпы, жолдың ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, Ғ.Ілияев көшесіне веложол салынған. Оның ұзындығы — 1990 метр, ал аралығы Д.Қонаев даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін.

Айта кетейік, жол құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, ағымдағы жылы шілде айында қабылданып, пайдалануға берілді.

Айтпақшы, Тоқаев көшесінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстар да аяқталуға жақын.

2021-2025 жылдарға қаламыздың жол инфрақұрылымы бойынша бекітілген бас жоспарға сәйкес, Тоқаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 600 метрлі көшенің жолдың үстінгі қабатын тегістеу, нығыздау және асфальт жабындысыны 1 қабатын салу жұмыстары атқарылды. Ендігі кезекте асфальтбетон қабатының 2 қабаты төселіп, жұмыстар толығымен қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, тұрғындардың жүруіне қолайлы орта қалыптастыру мақс атында Тоқаев көшесінің бойымен жаяу жүргіншілер жолы да жасалды.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 92 нысан болатын 232 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, қалған көшелерді 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Бұдан бөлек, шаһардағы 2 нысан жолайрықтың құрылысы, 13 нысан жаңа жолдардың құрылысы, 5 нысанда қайта құру жұмыстары, 3 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 308 көшеге жүргізілуде. Қалада осы жылы 300 шақырым жол жөнделіп, асфальт жол үлесі 67,4 пайызға жетеді деген болатын. Ал 2021 жылы автомобиль жолдары саласында 137 нысанда (189,7 шқ) жөндеу жұмыстары аяқталған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.